2021-2022 оқу жылына студенттердің жеке оқу жоспарларын құру туралы
2021 жылдың 14 сәуірінде экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының эдвайзерлері доцент Б.Б. Мажитова және аға оқытушы, магистр Ж.Д. Дәулетханова «Қаржы» білім беру бағдарламасының 2-4 курс студенттері үшін ZOOM платформасында кеңес беруді өткізді. Студенттерге 2021-2022 оқу жылына арналған жеке оқу жоспарларын толтыру бойынша ақпарат берілді, элективті пәндерді таңдау және траекториялар бойынша түсініктемелер берілді.