2021-2022 оқу жылының күзгі семестрінде оқу үдерісін ұйымдастыру

Еуразия гуманитарлық институтында 2021-2022 оқу жылының күзгі семестрінде барлық курстарға (1-4 курс) арналған сабақтар санитарлық режим мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, дәстүрлі форматта өтетін болады. Дәріс сабақтары онлайн режимінде өткізіледі.

2-4 курстарға арналған сабақтар 6 қыркүйектен басталады, бірінші курсқа арналған сабақтар 8 қыркүйектен басталады.

1-курс студенттеріне арналған таныстырылым апталығы 2021 жылдың 1 қыркүйегінен 7 қыркүйегіне дейін онлайн режимінде өткізіледі.