2023 жылғы ЕАГИ түлектеріне диплом табыстау рәсімі

2023 жылғы 1-4 шілде аралығында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында күндізгі оқу нысаны және қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып күндізгі оқу нысанының «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Тарих», «Педагогика және психология», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Аударма ісі», «Қаржы», «Құқықтану» білім беру бағдарламаларының түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шараға түлектерден басқа олардың ата-аналары мен достары қатысты.

Институт ректоры, психология ғылымдарының кандидаты, профессор А.Ж. Исмаилов, оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ә. Ахметов, тәрбие ісі жөніндегі проректор, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Я.Н. Оспанова және кафедра меңгерушілері түлектерді осы айтулы күнмен шын жүректен құттықтады.

Түлектер өз кезегінде институт ұжымына алған білімдері мен тәжірибелері үшін алғыстарын білдірді. Диплом табыстау рәсімін мерекелік концерт жалғастырды.

Сәт сапар, 2023 жылғы түлектер!