2025 жылғы ЕАГИ түлектеріне диплом табыстау рәсімі
2025 жылғы 1-3 шілде аралығында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»,«Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Тарих», «Педагогика және психология», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Аударма ісі», «Қаржы», «Құқықтану» білім беру бағдарламаларының түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шараға түлектерден басқа олардың ата-аналары мен достары қатысты.
Түлектерді осы айтулы күнмен п.ғ.к., профессор Н.Т. Ныгымановажәне кафедра меңгерушілері шын жүректен құттықтады.
Түлектер өз кезегінде институт ұжымына алған білімдері мен тәжірибелері үшін алғыстарын білдірді. Диплом табыстау рәсімін мерекелік концерт жалғастырды.
Сәт сапар, 2025 жылғы түлектер!