«21 ғасыр психологиясы» халықаралық конгресі

2023 жылдың 15-17 қыркүйегінде Астанада «21 ғасыр психологиясы» атты халықаралық конгресс өтті. Конгресс – әртүрлі психологиялық тенденциялар ұсынылатын үлкен кәсіби алаң. Пленарлық мәжілісте «Психоактивті заттарға тәуелді адамдарға кеңес берудегі мазмұнды көзқарас» тақырыбында психология ғылымдарының докторы, педагогика кафедрасының профессоры Т.А. Абдрашитова баяндама жасады. ЕАГИ-дің 6B01102 – «Педагогика и психология» білім беру бағдарламасының 1-3 курс студенттері, конгрестің волонтерлері ретінде және практикалық семинарларына белсенді қатысты.