Еуразия гуманитарлық институты басшылығының «2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде оқу үдерісін ұйымдастыру» тақырыбында қызметкерлермен және оқытушылармен онлайн-кездесуі
2021 жылғы 15 қаңтарда Еуразия гуманитарлық институты басшылығының 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелері бойынша қызметкерлермен және оқытушылармен онлайн-кездесуі өтті.
Институт ректорының м.а., профессор А.Ж. Исмаилов жаңа коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында институт ЖОО-ның негізгі процестерін қашықтан басқару режиміне ауыстыру жоспарын жедел әзірлеп, сәтті іске асырғанын атап өтті. Көктемгі семестрден бастап ЖОО-да білім беру үдерісін ұйымдастыру қызметкерлер мен білім алушылардың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Оқыту аралас және қашықтық форматтарда жүргізіледі.
Оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, профессор Қ.Ә. Ахметов аралас форматтағы оқытудың ерекшеліктерін түсіндіріп, СЭР-ды сақтау қажеттігін атап өтті.
Академиялық мәселелер және аккредиттеу департаментінің директоры, профессор С.Б. Загатова қатысушылардың назарын академиялық күнтізбеге сәйкес 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде оқыту нысандары бойынша (күндізгі, күндізгі ҚБТ-ны қолданып, сырттай) оқу үдерісін ұйымдастыруға аударды.
Институт деканы, доцент Т.Н. Кемайкина 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде оқытылатын пәндерді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша алдын ала қорытындылар жасады.
Оқытушылар мен қызметкерлер онлайн-кездесу кезінде қойылған сұрақтарға толық жауап алды.