Қазақстандық тұңғыш математика профессоры, ғалым Әлімхан

Әбеуұлы Ермековтың 130 жылдығына арналған дөңгелек үстел

 

2020 жылы 11 ақпанда Қарағанды қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық үйінде қазақтың тұңғыш математика профессоры, ғалым Әлімхан Әбеуұлы Ермековтің 130 жылдығына арналған дөңгелек үстел ZOOM платформасын пайдалана отырып өткізілді.

Іс шараға 80-нен астам адам қатысты. Іс-шараны Қарағанды техникалық университетінің ӘГК ҚХА кафедрасының аға оқытушысы Түсіпбеков Жарқын Амантайұлы жүргізді.

Спикерлер «Maryadi education» білім беру компаниясының жетекшісі, Ә. Ермековтің немересі Олег Магавянович Ермеков және Еуразия гуманитарлық институтының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Өскембаев Қанат Сәдуақасұлы болды. Іс-шара аясында «Жаңғыру жолы» Қарағанды штабының төрағасы Талипов Нұрсұлтан Исатайұлы дайындаған бейнеролик көрсетілді.

Әлімхан Ермеков қазақтың территориялық тұтастығын құруға үлкен үлес қосқан тұлға. Ол өзінің іскерлігі арқасында 1920 жылы Қазақстанға Коростылев даласы, Семей, Ақмола облыстары және Каспий теңізінің солтүстік жағалауы сияқты маңызды аумақтарды қайтаруға үлес қосты. Бүгінде бұл жерлерде мемлекетіміздің жаңа астанасы Нұр-Сұлтан қаласы орналасқан, ал мұнай мен газдың негізгі қорлары Каспий жағалауында шоғырланған.

Ә.Ә. Ермеков сонымен қатар көптеген жылдар бойы ғылыми-педагогикалық, шығармашылық қызметпен жемісті еңбек еткен адамның үлгісі болып табылады.