ЕАГИ студенттері «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясында 2 және 3 орын алды

2021 жылдың 7 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Бұл іс-шара ZOOM платформасында онлайн режимінде өтті.

Секция жұмысына Еуразия гуманитарлық институтының шетел тілдері кафедрасының студенттері Ерден Ерасыл (ИЯК-18-03 тобы), Бейсекеева Карина (ПДК-17-01 тобы), Қайролла Динара (ПДК-17-01) және Овсянникова Дарья (ИЯ-20-01 тобы).

Шетел тілдері кафедрасының доценті, п.ғ.м. Ляззат Усмановна Алипбекованың ғылыми жетекшілігімен студенттер келесі жұмыстарды орындады: Е. Ерден «Suggestopedia is a foreign language learning method» баяндамасын жасады; А. Төлегенова «Шет тілі сабақтарында ойындарды қолдануға қойылатын талаптар»; К. Бейсекеева «Кинофильмдерді аударудың прагматикалық аспектілері мен бейімделуі» және Д. Қайролла: «Көркем мәтінді аудару ерекшеліктері».

PhD докторы, шетел тілдері кафедрасының доценті Жанна Толюбаевна Оспанованың ғылыми жетекшілігімен зерттеу жұмысын жазған бірінші курс студенті Д. Овсянникова «Ағылшын және орыс тілдеріндегі түс мәндерінің ерекшеліктері (лингвокультурологиялық аспект)» тақырыбында баяндама жасады.

Конференция соңында комиссия шешімімен конференцияға қатысқаны үшін біздің институттың келесі студенттері сертификаттармен марапатталды: Ерден Ерасыл және Бейсекеева Карина.

«Филология, лингводидактика және аударма ісі: өзекті мәселелер және даму тенденциялары» секциясының жұмысында біздің студенттер дипломдармен марапатталды: Қайролла Динара – 2 орын және Овсянникова Дарья – 3 орын.

Қайролла Динара мен Овсянникова Дарьяны, сондай-ақ олардың ғылыми жетекшілері Ләззат Усмановна мен Жанна Толюбаевнаны жеңістерімен құттықтаймыз!