“Құқықтану” білім беру бағдарламасының студенттерін құттықтаймыз!

Қазақстандағы олимпиаданың ақпараттық серіктесі – «Шайкенов оқушыларының қауымдастығы» ҚБ Street Law Kazakhstan жобасы 2021 жылғы 30 сәуірде студенттерге арналған «Заңгердің кәсіби дағдылары» халықаралық олимпиадасының ұлттық кезеңін өткізді. Олимпиаданың ұйымдастырушысы ретінде заң клиникаларын дамыту орталығы болды.

Халықаралық олимпиада 3 раундтан тұрды, онда Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның әртүрлі жоғары оқу орындарының студенттері өздерінің кәсібилігі мен оқу нәтижесінде алған білім сапасын көрсетті. Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Олимпиаданың ұлттық кезеңі қашықтық форматта – ZOOM-да бейнеконференция байланысы арқылы өткізілді.

Олимпиаданың форматы – адвокаттың жұмысына еліктейтін және оның кәсіби дағдыларын тексеретін рөлдік ойын: сұхбаттасу, істі талдау және позицияны дамыту, кеңес беру, заң техникасы және сот дағдылары.

Олимпиадаға қатысушылар ЖОО өкілдері ретінде емес, жеке есепте өнер көрсетті.

Заң пәндері кафедрасының студенттері алғаш рет осы халықаралық олимпиадаға қатысты. Командалар құрамына ЮР-18-01 тобының студенттері – Шуханов Рүстем және Қалкенова Әйгерім, сондай-ақ ЮР-19-01 тобының студенттері – Ғаббасов Иалиахмед, Баймурзинова Эльвира, Шувалова Светлана кірді.

Халықаралық олимпиаданың ұлттық кезеңінің қорытындысы бойынша екінші турға 1-орын алған №2 команда құрамында Шуханов Рүстем, 2-орын алған №3 команда құрамында Габбасов Иалиахмед және Шувалова Светлана өтті (ғылыми жетекші: з.ғ.м., аға оқытушы Мусынова Гаухар Еслямбековна).

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Біздің студенттерге жаңа жеңістер мен келесі кезеңдерде сәттілік тілейміз!