Weihnachten («Рождество») мерекесі неміс тілінің сөйлеу клубында

2021 жылдың 15 желтоқсанында Германияда аталып өтетін Рождество қарсаңында PhD, доцент Оспанова Жанна Толюбаевнаның жетекшілігімен ауызекі неміс тілі клубы Weihnachten мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды, оған «Шетел тілі: екі шетел тілі» және «Аударма ісі» (академиялық топтар) білім беру бағдарламаларының ИЯ-20-01, ШТ-20-01, ПДТ-20-01, АI-20-01 және АI-19-01 академиялық топтары 2-3 курс студенттері қатысты.

Доцент Ж.Т. Оспанова және аға оқытушы А.К. Алтымбаева ойын техникаларын, заманауи мультимедиялық онлайн-бағдарламалар мен stationenlernen коммуникативтік әдістемесін қолдана отырып, «Tannenbaum», «Adventskalender», «Weihnachtsmann» командаларында студенттер жұмысын ұйымдастырды.

Аккордеон әуенімен ИЯ-20-01 студенті Бондаренко Юрий неміс тілінде «Stille Nacht, heilige Nacht», «O, Tannenbaum» атты жаңа жылдық әндерді орындады.

Мереке соңында барлық қатысушылар ИЯ-20-01 (Горленко Вероника, Овсянникова Дарья, Имангалиева Тоғжан және Бондаренко Юрий) студенттері Adventskalender («Рождество күнтізбесі») нысанында дайындаған сыйлықтарды алды. Студенттер дайындаған Рождестволық әшекейлер Adventskranz («Рождестволық гүл шоқтары») түрінде мерекелік атмосфера берді.