Ректорға сұрақ
Сұрақ: Қайырлы күн, көп балалы отбасылардың балалары үшін жеңілдіктеріңіз бар-жоғын білуге болады ма? Алдын-ала рақмет.
Жауап: Қайырлы күн, сұрақ үшін рахмет. ЕАГИ-де келесі жеңілдіктер жүйесі қарастырылған:
- біздің институтта бір отбасынан шыққан екі және одан да көп студенттерді оқыту кезінде оқу ақысына 10% жеңілдік алуға болады;
- 1 және 2 топтағы мүгедектерге және бала кезінен мүгедектерге – 10%, жетім балаларға – 20%;
- әрбір талапкер ұлттық бірыңғай тестілеуден немесе кешенді тестілеуден өткені туралы сертификат және жеке іс материалдары негізінде институттың білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатыса алады;
- оқу ақысын төлеудің икемді жүйесі қарастырылған, төлем бөліп-бөліп жүзеге асырылуы мүмкін: ай сайын, тоқсан сайын және т. б.