№32 мектеп-гимназиясының оқушыларына арналған интерактивті сабақ
2022 жылдың 22 ақпанында өндірістік тәжірибе аясында «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті А.Б. Есенгелдиева №32 мектеп-гимназиясының 9 А сынып оқушыларына интерактивті сабақ өткізді.
Сабақтың тақырыбы: «Музыка және фильм». Сабақтың мақсаты осы тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын дамыту, сонымен қатар оқушыларды ағылшын тілін үйренуге ынталандыру болды. Сабақ оқушылардың оқу іс-әрекетін белсендірудің әртүрлі тәсілдерін қолдана отырып, қызықты және тартымды өтті.
Сабаққа №32 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімдері Т.Р. Ахметвалиева, О.Ю. Черненко және өндірістік тәжірибе жетекшісі п.ғ.м., Еуразия гуманитарлық институтының шетел тілдері кафедрасының доценті А.У. Ильясова қатысты.