№32 мектепте «Психологиялық денсаулықтың маңызы» тақырыбында практикалық сабақ

2022 жылдың 19 сәуірінде педагогика кафедрасының оқытушылары  Б.К. Абылханова, Г.Е. Жармаханова, Г.З. Рахимжанова, Еуразия гуманитарлық институтының психологиялық қызметінің жетекшісі                         Н.Ж. Болатбекова және «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері (ПП-18-01 академиялық тобы) № 32 мектеп-гимназиясында кафедра филиалының базасында 10 сынып оқушыларына практикалық сабақ өткізді.

Іс-шара мектеп психологымен бірлесіп ұйымдастырылды. Сабақ арт-терапия әдістерін қолдану арқылы өтті. Сабақтың қорытынды кезеңінде психологтың жұмысы туралы пікір алмасылып, оқушыларға психологиялық денсаулықты сақтау бойынша ұсыныстар берілді.