2024 жылдың 15 қаңтарында педагог пен тәлімгер жылына арналған Аударма конкурсының қорытындысы шығарылды, ол 2023 жылдың қараша – желтоқсан айларында А.П. Чехов атындағы Таганрог институтының шет тілдер факультетінде «РМЭУ (РИНХ)» ФГБОУ (филиалында) (Ресей) сырттай, қашықтықтан өткізілді.
Байқауға ресейлік және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Конкурстық жұмыстар үш номинация бойынша: ертегілердің аудармасы (орыс және ағылшын тілдері), көркем шығармадан үзіндінің аудармасы (орыс және ағылшын тілдері), газет мақаласының аудармасы (орыс және ағылшын тілдері) қабылданды.
Әр номинацияда қатысушыларға таңдау үшін бірнеше мәтін ұсынылды. Байқауға қатысқан А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының шетел тілдері кафедрасының студенттері жүлделі орындарға ие болды:
Бірінші номинацияда:
1-орын − Кулашева Н. Б. (ШТ-22-01 академиялық тобы)
3-орын − Амантаева Ж. Ж. (ПД- 20-01 академиялық тобы)
Үшінші номинацияда:
2-орын − Курал М. Н. (ШТ-22-01 академиялық тобы)
3-орын − Бурумбаева Ф. А. (ШТ-22-01 академиялық тобы).
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.м., аға 0оқытушы А. М. Сарсенова.
Шығармашылық табыстар тілейміз!