Қорытынды конференция
2024 жылғы 7 ақпанда №№32, 37, 72, 87 мектеп-гимназияларында 2024 жылғы 15 қаңтар мен 2 ақпан аралығында оқу-тәрбие практикасынан өткен «Шетел тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттерінің (ШТ-22-01, ШТ-22-02 академиялық топтары) қорытынды конференциясы өтті. Тәжірибе жетекшілері шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары болды. Конференцияда студенттер өз жұмыстары туралы есеп берді, оқу тәжірибесі барысында жиналған ақпаратпен бөлісті.