Құттықтаймыз!
Мәскеу қалалық университетінің (Ресей) базасында өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ешкім ұмытылмайды, ештеңе ұмытылмайды» көркем аударма байқауында жүлделі орындарға ие болғаны үшін шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының студенттерін құттықтаймыз. Шарипов Алишер «Жеңіс туралы өлеңді аудару» номинациясы бойынша 2 және 3-дәрежелі диплом, «Ұлы Отан соғысы туралы проза» номинациясы бойынша 2-дәрежелі диплом алды. Муканова Дильназ «Жеңіс туралы өлеңді аудару» номинациясы бойынша 2 және 3-дәрежелі дипломдарға, «Ұлы Отан соғысы туралы қазіргі ақындардың аудармадағы өлеңдері» номинациясы бойынша 2-дәрежелі дипломға ие болды. Ол сондай-ақ «Ұлы Отан соғысы кезіндегі поэзия: ырғақ және мағына» арнайы номинациясы бойынша лауреат атанды. Амерханова Тамила «Майдандық ән аудармасы» номинациясында жеңіске жеткені үшін 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Студенттердің ғылыми жетекшісі кафедраның аға оқытушысы А.М. Сарсеноваға конкурсты ұйымдастырушылар студенттерді даярлаудың жоғары деңгейі үшін алғыс хат табыс етті.