№49 балабақшада «Зерттеу әдістерімен жасампаз тұлғаны қалыптастырудың маңызы» тақырыбындағы қалалық семинар
2022 жылдың 20 сәуірінде Еуразия гуманитарлық институты педагогика кафедрасы филиалының базасында № 49 «Алтынай» балабақшасында «Зерттеу әдістерімен жасампаз тұлғаны қалыптастырудың маңызы» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға №5, 6, 27, 31, 33, 37, 38, 44, 55, 71 балабақшалардың меңгерушілері мен әдіскерлері қатысты. Балабақша меңгерушісі С.К. Керімбекова және эксперименттік платформаның ғылыми жетекшісі, ЕАГИ доценті, п.ғ.к. А. Бадель тақырыптың өзектілігін атап өтіп, балабақшада жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Іс-шара барысында ересек топтың тәрбиешісі А.Косбармахова ойын іс-әрекетінде «Таңғажайып кемпірқосақ» зерттеу әдістемесін көрсетті. Музыкалық жетекші А.Х. Абилбекова, тәрбиеші А.А. Жетписбаев топта сазсырнай ұлттық аспабының шығу тарихын, оны дайындау тәсілдерін зерттеуге арналған «Сазсырнай» тақырыбында қызықты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырды.