6В01303 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған семинар

2022 жылдың 23 ақпанында «№ 32 мектеп-гимназия» КММ бастауыш сынып мұғалімі Разгоняева Светлана Владимировна 6В01303 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының студенттеріне «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жұмыстың белсенді әдістері мен түрлері» тақырыбында онлайн семинар өткізді. Білім алушылар семинар жұмысына белсенді қатысып, талқыланған тақырып бойынша көптеген сұрақтар қойды. Кездесу институт түлегінің кәсібилігін мойындаумен және алдағы уақытта сәттілік тілеумен аяқталды.