№ 72 мектеп-лицей базасында «Менің бауырым» волонтерлік жобасын іске асыру

2024 жылғы 12 ақпанда «Менің бауырым» студенттік волонтерлік жобасы аясында А.Қ. Құсайынов ат. Еуразия гуманитарлық институтының студент-волонтері Байбулат Мұхаметжан отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған «Brain Rain» зияткерлік байқауын өткізді. Байқауға   №72 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушылары ата-аналарымен бірге қатысып, барлық қатысушылардың қызығушылығын тудырды.