ЕАГИ студенттері 8-13 сәуір аралығында «Жастар жалыны-2016»фестиваліне қатысады

Астанада жыл сайын көктемде студенттер арасындағы «Жастар жалыны – 2016» фестивалі өтеді, биыл төртінші рет өткізілетін шара елордалық жігерлі әрі шығармашыл жастардың басын қоспақ.

Алғашқы «Жастар жалыны» фестивалі 2013 жылы ұйымдастырылған болатын. Оған Астанадағы барлық оқу орындарынан жүздеген дарынды студент қатысты. Сол сәттен бастап көктем мен достық мерекесін өткізу дәстүрге айналды.

Бүгінде қалалық ЖОО-лар мен колледждерде шығармашылық атмосфера орнады, креативті идеялар ұсынылып, номерлер мен қойылымдар әзірленуде, костюмдер тігіліп жатыр. «Жастар жалыны» фестивалінің ашылуы 8 сәуірде өтеді. Биыл шығармашылық фестиваль ерекше салтанатты форматта өтеді және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады.

«Жастар жалыны-2016» жастар фестивалі 8-12 сәуір аралығында қаланың түрлі алаңдарында өтеді.

13 сәуірде сағат 18.00 Конгресс-холлда өтетін гала-концертте 10 номинация бойынша жеңімпаздардың есімдері белгілі болады.

Дереккөз: Астана әкімдігі