«9 мамыр – Жеңіс күні» дөңгелек үстелі
2025 жылдың 6 мамырында экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының кураторы А.Г. Кожахметова «9 мамыр – Жеңіс күні» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оған «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты (Қ-23-01, ҚЭТ-24-01 академиялық топтары).
Дөңгелек үстелдің мақсаты – патриотизмге, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға құрметпен қарауға тәрбиелеу, адамзат үшін соғыс қаупі туралы нақты түсінік қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ерлігі, атап айтқанда, майданда жанқиярлықпен соғысқан қазақстандықтар – Бауыржан Момышұлы мен Мәлік Ғабдуллин туралы айтылды.