9 мамыр – Жеңіс күні

2023 жылғы 11 мамырда экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының кураторы Ж.Д. Дәулетханова Жеңіс күнін мерекелеу аясында К-21-01 (2 курс, «Қаржы» білім беру бағдарламасы) академиялық тобының студенттері үшін «Ер мен жердің жеңісі» кураторлық сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты: жас ұрпақты «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» қағидатын ұстана отырып, ел тарихын зерттеуге ынталандыру, Отанға деген сүйіспеншілікті нығайту, батырлық істерге құрмет көрсету, ұлтаралық достықты нығайтуға ықпал ету болды.