А.Қ. Кұсайынов атындағы орталықта «Ғылыми жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру» тақырыбындағы ғылыми семинар өтті

2025 жылғы 7 қазан күні А.Қ. Кұсайынов атындағы орталықта «Ғылыми жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Іс-шара институттың ғылыми әлеуетін нығайту және гранттық қаржыландыру конкурсына өтінімдерді сапалы дайындауға қолдау көрсету мақсатында маңызды қадам болды.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің ұйымдастыруымен өтетін гранттық қаржыландыру конкурстарының талаптары жан-жақты түсіндірілді. Ғылыми жобаларды дайындау барысында туындайтын өзекті мәселелер мен оларды жүзеге асырудың практикалық ұсыныстары ерекше назарға алынды.

Семинарды филология ғылымдарының кандидаты, профессор Л.Н. Дауренбекова және PhD, доцент М. Амангазықызы жүргізді, олар ғылыми зерттеулер және ғылыми жобаларды әзірлеу саласындағы тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шараға ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор С.А. Есқалиев, сондай-ақ институт оқытушылары қатысты. Семинар қатысушылардың ғылыми жұмыс бағытында біліктілігін арттырып қана қоймай,  сонымен қатар бір-бірімен тәжірибе алмасуына мүмкіндік берген маңызды шара болды.