Ақпарат күндері

2023 ж. қараша айының  22-23 күндері кітапханада (2 қабат, оқу залы) ақпарат күндері ұйымдастырылды. Мақсаты: институттың профессорлар- оқытушыларының  сұранысы бойынша кітапхана қорына түскен жаңа басылымдарды насихаттау.

Оқырмандардың назарына қазақ тілі мен әдебиеті, педагогика және психология, құқықтану, тарих, экономика және математика ғылым саласы бойынша кітап көрмесі ұсынылды, библиографиялық шолу жасалды. Кітапхана қызметін пайдаланушылар оқу бағдарламасына қажетті жарық көрген жаңа басылымдарды қолдануға алды. Келушілердің қатарында Аренова Г.У., Марденова Н.А., Балжанова А.К., Еслямова А.З., институттың оқытушылары және студенттер әдебиеттермен танысты.