А.Қ. Құсайынов ат. ЕАГИ қабырғасында педагогикалық сынып оқушыларымен сабақтар

А.Қ. Құсайынов ат. ЕАГИ мен Астана қаласындағы № 26 мектеп-гимназия арасындағы ынтымақтастық туралы шарт негізінде «Педагогикалық сынып» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2024 жылдың 24 қаңтарында педкласс оқушыларымен тренингтердің белсенді форматында ұйымдастырылған сабақтар өтті. Тренингтер профессор, п.ғ.д., профессор Б.С. Сарсекеев, п.ғ.к. Н.Т. Ныгыманова және институт психологы А.Б. Мусиевтің жетекшілігімен өтті. Сондай-ақ, педкласс оқушылары институт кітапханасына барып, педагогика саласындағы заманауи ғылыми басылымдармен танысты.