А.Қ. Құсайынов атындағы ЕАГИ-де «Кітапхана — шексіз кеңістік» мерекелік кеші өтті

2025 жылғы 22 қазанда А.К. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Кітапханашылар күніне орай «Кітапхана — шексіз кеңістік» тақырыбында іс-шара өтті.

Іс-шара ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор С.А. Есқалиев пен тәрбие ісі жөніндегі проректор А.Т. Сандыбаеваның қатысушыларға құттықтау сөзімен басталды.

Шараны ұйымдастырушылар: Оспанова А.С., Баракова С.Т., Бекбулатова Э.Д., Шакимова Р.М., Абдигазиева Г.Х. – кештің жайлы әрі шабытты атмосферасын қалыптастыру үшін бар күш-жігерін салғаны байқалды. Бұл кеш қатысушыларға кітапхананың — өткен мен болашақты, білім мен шабытты тоғыстыратын шексіз кеңістік екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Мерекеге құрметті қонақтар: Б.Т. Әлімжанов— ақын, жазушы, драматург, айтыскер, жыршы, манасшы; С.Д. Сейдахметов— Қазақстан Республикасының мәдениет саласының қайраткері; Д.Т. Кнабаева— Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының пайдаланушыларға қолдау көрсету жөніндегі жетекшісінің орынбасары, сондай-ақ қалалық кітапханалардың директорлары мен меңгерушілері қатысты.