А.Қ. Құсайынов атындағы ЕАГИ қызметкерлері «Студенттер арасындағы әлеуметтік және жеке қатынастар мәселелері. Оқу орындарындағы психологиялық қауіпсіз білім беру ортасы» тақырыбы бойынша конференцияға қатысты

2023 жылғы 19 қаңтарда тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Я.Н. Оспанова, инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің басшысы А.Т. Аязбаева, Студенттік үйдің педагог-тәрбиешісі Б.Ш. Кадрина, психологиялық қызмет психологы А.Н. Кабыл, ЖІК төрағасы А.К. Абильдина, Астана қаласы әкімдігінің №3 қалалық емханасы өткізген, «Студенттер арасындағы әлеуметтік және жеке қатынастар мәселелері. Оқу орындарындағы психологиялық қауіпсіз білім беру ортасы» тақырыбы бойынша конференцияға қатысты. Конференция барысында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, Білім басқармасының, Жастар саясаты мәселелері басқармасының, Полиция департаментінің, «Құқық» қоғамдық қорының, «Ана үйі – Дом мамы» Қоғамдық қорының, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы, АИТВ-тың алдын алу орталығы, Психикалық денсаулық орталығы, «Әдістемелік орталық» психологиялық сүйемелдеу орталығы, Интернетке тәуелділіктің алдын алу жөніндегі «Restart» республикалық жобасының үйлестірушісінің өкілдерімен бірлесіп студенттік ортадағы интернетке тәуелділік, кибербуллинг және құмар ойындар, нашақорлық мәселелері талқыланды. Конференция қорытындысы бойынша талқыланатын мәселелердің алдын алу жөнінде ұсыныстар әзірленді.