А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтына Өзбекстаннан делегация келді
2025 жылғы 14 мамырда А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтына ресми сапармен Бұхара мемлекеттік педагогикалық университетінің (Өзбекстан Республикасы) делегациясы келді. Кездесу аясында екі ЖОО арасындағы ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.
Тараптар бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын, олардың ішінде академиялық алмасу, ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру, оқытушылар мен студенттер үшін бірлескен конференциялар мен тағылымдамалар ұйымдастыруды талқылады.
Келісімге қол қою институттың халықаралық байланыстарын дамытудағы маңызды қадам болды және Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы білім беру және ғылыми өзара іс-қимылды нығайту үшін жаңа перспективалар ашады.