А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қолдауымен кіші футбол турнирі өткізілді
2025 жылғы 5 мамырда ЕАГИ студенттік Парламентінің Спорт және салауатты өмір салты фракциясы, Жастар ісі жөніндегі комитеті Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп футболдан турнир өткізді. Тартысты бәсекеде бірінші орынды «Trebl» командасы («Тарих», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламаларының біріккен командасы), екінші орынды «Golden Team» («Тарих», «Қаржы», «Аударма ісі», «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламаларының біріккен командасы) және үшінші орынды «Авангард» («Тарих» білім беру бағдарламасының командасы) жеңіп алды.
Сондай-ақ турнир қатысушылары арасында келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:
- «Үздік қақпашы» – Асылбеков Санжар («Қаржы» білім беру бағдарламасы);
- «Үздік ойыншы» – Сейілбай Нұрасыл («Құқықтану» білім беру бағдарламасы).
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, сондай-ақ турнирді ұйымдастырушыларға – Молдагалиев Исламға («Тарих» білім беру бағдарламасы), Мамедов Романға («Қаржы» білім беру бағдарламасы) Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының грамоталары, алғыс хаттары және бағалы сыйлықтары табыс етілді.
Алда жеңістер тілейміз! Біз сіздерді мақтан тұтамыз!