А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында дебаттық турнир өтті

2024 жылғы 16 сәуірде ЕАГИ Студенттік парламентінің дебат қозғалысының фракциясы, Жастар ісі жөніндегі комитет, «Verum» пікірсайыс клубы, Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен дебат турнирін өткізді.

Келесі қатысушылар:

  • 1-орын – Салимжуаров Гани («Құқықтану» білім беру бағдарламасы, ЮР-20-01 академиялық тобы);
  • 2-орын – Бабанская Алина («Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы, ППТ-23-01академиялық тобы);
  • 3-орын – Файзулина Камилла («Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы, ШТ-22-01 академиялық тобы) пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары болып танылды.

Келесі номинациялар бойынша:

– «Үздік төреші» – Нурпиисова Дарина, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенті (ИЯТ-23-01 академиялық тобы);
– «Үздік спикер» – Салимжуаров Гани («Құқықтану» білім беру бағдарламасы, ЮР-20-01 академиялық тобы);
– «Ең белсенді» Ауғанбай Жандаулет «Тарих» білім беру бағдарламасының студенті (Т-22-01 академиялық тобы).

Барлық жеңімпаздарға Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының грамоталары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.