А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында дебаттық турнир өтті

2023 жылғы 10 қазанда ЕАГИ Студенттік парламентінің дебат қозғалысының фракциясы, Жастар ісі жөніндегі комитет, «Verum» пікірсайыс клубы, Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен дебат турнирін өткізді.

Келесі қатысушылар:

  • 1-орын – Өмірбай Айзат («Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы, ҚТ-21-01 академиялық тобы) және Сундетбай Ләйлә («Тарих» білім беру бағдарламасы, Т-23-01 академиялық тобы);
  • 2-орын – Бейсен Сапар («Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы, ШТ-22-01 академиялық тобы) және  Раисова Меруерт («Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы, ШТТ-23-01 академиялық тобы);
  • 3-орын – Каржасова Сара («Құқықтану» білім беру бағдарламасы, ЮҚ-21-01 академиялық тобы) және Балабекова Азиза («Тарих» білім беру бағдарламасы, Т-23-01 академиялық тобы) пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары болып танылды.

Келесі номинациялар бойынша:

– «Үздік төреші» – Русланқызы Фарида, «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенті (ҚТ-21-01 академиялық тобы);
– «Үздік спикер» – Сундетбай Ләйлә, «Тарих» білім беру бағдарламасының студенті (Т-23-01 академиялық тобы) турнир жеңімпаздары болып анықталды.

Барлық жеңімпаздарға Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының грамоталары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.