А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында «Құсайынов оқулары» ХХІ ғасырдағы ғылым және білім: үрдістер мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

2023 жылдың 8 желтоқсанында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында «Құсайынов оқулары» ХХІ ғасырдағы ғылым және білім: үрдістер мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткiзілді.

Конференция жұмысы келесі ғылыми бағыттар бойынша өтті: ХХІ ғасырдың қазіргі гуманитарлық білім жүйесіндегі педагогика және психология, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері, лингвистика мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері, шетел филологиясы және лингводидактика, құқық және қазіргі экономика: жаңа сынақтар мен даму перспективалары.

Конференция жұмысына Қазақстан, Түркия, Өзбекстан және Ресейден 150-ден астам ғалым қатысты (Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Токат, Чанакалле, Ташкент, Москва, Тюмень және т.б.).

Конференцияның пленарлық мәжілісі А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының ректоры, психология ғылымдарының кандидаты, профессор А.Д. Исмаиловтың кіріспе сөзінен басталды. Пленарлық мәжілісте тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Есқалиев Самат Амангелдіұлының (Астана қ., Қазақстан), философия докторы (PhD) Kürşat Cesur (Чанакалле қ., Түркия), тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Мажитов Равиль Сидағатұлының (Астана қ., Қазақстан), тарих ғылымдарының докторы, профессор Alpaslan Demir (Токат, Түркия), филология ғылымдарының кандидаты, профессор  Байтанасова Қарлығаш Медетқызы (Астана қ., Қазақстан), экономика ғылымдарының кандидаты Кәрібаев Әнуар Әкпар ‒ Құрметтіұлы (Астана қ., Қазақстан), филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бейсембаева Жанна Әлібиқызы (Астана қ., Қазақстан), педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сәрсекеев Бауржан Сапарұлы (Астана қ., Қазақстан) баяндамалары тыңдалды.

Конференция қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданып, Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы шығарылды.

ЕАГИ ұйымдастыру комитеті