А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының Жас ғалымдар кеңесі

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Жас ғалымдар кеңесі жұмыс істейді. Кеңестің негізгі мақсаты институтқа жас ғалымдарды тарту, олардың ғылыми-шығармашылық жұмыстарын қолдау, ғылыми еңбектерін жариялау, оны оқу үдерісіне енгізу болып табылады.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан жас ғалымдарды ынталандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Институт оқытушылары докторантура, постдокторантураға түсіп, жас ғалымдар ғылыми жобалар конкурсына қатысып отырады.