А.Қ. Құсайынова ат. Еуразия гуманитарлық институтында «Жастардың Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси дискурсына көзқарасы» тақырыбында пікірталас турнирі өтті

2023 жылдың 20 сәуірінде ЕАГИ Студенттік Парламентінің пікірсайыс қозғалысының фракциясы, Жастар ісі жөніндегі комитет, «Verum» пікірсайыс клубы А.Қ. Құсайынов ат. Еуразия гуманитарлық институтының студенттері арасында «Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси дискурсына жастардың көзқарасы» тақырыбында пікірсайыс турнирін өткізді.

Келесі қатысушылар:

  • 1-орын – Бақытбекқызы Айдана («Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы, ҚТ-21-01 академиялық тобы) және Бейсен Сапар («Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы, ШТ-22-01 академиялық тобы);
  • 2-орын – Елеш Аида («Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы, ҚТ-21-02 академиялық тобы) және  Нурахметова Гаухар («Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы, ҚТ-21-01 академиялық тобы);
  • 3-орын – Маратова Асия («Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы, ШТ-22-01 академиялық тобы) және Қазбек Сағыныш («Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы, ШТ-22-02  академиялық тобы) пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары болып танылды.

Келесі номинациялар бойынша:

– «Үздік төреші» – Нигметова Назгуль, «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенті (ҚТ-21-01 академиялық тобы);
– «Үздік спикер» – Қазбек Сағыныш, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенті (ШТ-22-02 академиялық тобы) турнир жеңімпаздары болып анықталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, грамоталар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.