«Ағылшын — орыс» тілдік жұпта көп компонентті атрибутивті сөз тіркестерін аудару ерекшеліктері» онлайн вебинары
2022 жылдың 26 қаңтарында оқу практикасы аясында «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері үшін (ПД-20-01 академиялық тобы) ««Ағылшын — орыс» тілдік жұпта көп компонентті атрибуттық сөз тіркестерін аудару ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өткізілді. Спикер ретінде «Лексикон – НС» аударма агенттігінің негізін қалаушы Александр Юрьевич Ястребов сөз сөйледі. Студенттер ұсынылған материалды тыңдады, практикалық тапсырмаларды орындады және олардың болашақ кәсіби қызметіне байланысты сұрақтар қойды. Вебинар нәтижелі, қызықты өтті, қатысушылар көптеген жаңа және пайдалы ақпарат алды.