Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Cambridge Live 2022» халықаралық конференциясы

2022 жылдың 3 қазанынан 6 қазанына дейін ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Cambridge Live 2022» халықаралық конференциясы өтті. Конференцияны өткізудің мақсаты – ағылшын тілін оқыту үдерісін
цифрландырудың өзекті мәселелерін талқылау және мектеп оқушыларында тестілік сауаттылықты қалыптастыру үшін әлемдік мұғалімдер мен оқытушылар қауымдастығын біріктіру болып табылды.

Конференцияда әртүрлі елдердің танымал әдіскерлері мен оқытушылары баяндама жасап, қашықтықтан оқытудағы фидбек, аралас топтар, ағылшын тілі сабақтарындағы виртуалды шындық, онлайн сабақтардағы шығармашылық сынды оқытудың заманауи мәселелері туралы айтты.

Іс-шараға шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы А.М. Сәрсенова және кафедра студенттері (ШТ-22-01, ШТ-19-01 және ПД 19-01 академиялық топтары) қатысты. Барлық қатысушылар «Cambridge University Press and Assessment» баспасының материалдарына электрондық сертификаттар мен демо-қолжетімділік алды.