Ағылшын тілі марафоны

Шетел тілдері кафедрасының 4 курс студенттері (ШТ-19-01 академиялық тобы) А. Акпишева, М. Кожаназарова және А. Абдиева 1-14 желтоқсан аралығында бірінші курс студенттері арасында ағылшын тілін білу марафонын ұйымдастырды және өткізді.

Студенттерге кафедра доценті Г.У. Аренова және аға оқытушы А.М. Сарсенова әдістемелік көмек көрсетті. Марафонға 50-ден астам бірінші курс студенттері қатысты. Марафон қорытындысы бойынша М. Жалмаганбетова, А. Сұлтанқызы, А. Құламан (барлығы ШТ-22-01 академиялық тобының студенттері) жеңімпаздар болып жарияланды.

Жеңімпаздарға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.