Ағылшын тілі сабақтарында ойын техникаларын қолдану туралы семинар

2021 жылдың 14 желтоқсанында РhD шетел тілдері кафедрасының доценті Оспанова Жанна Толюбаевна №72 мектеп мұғалімдеріне арналған «Сандық дәуірдегі ағылшын тілі сабағындағы ойын техникасының рөлі» тақырыбында семинар өткізді.

Ойын техникасын қолданудың негізгі міндеті – оқу үдерісін қызықты ету, балаларда көңілді жұмыс көңіл-күйін қалыптастыру, оқу материалын игерудегі қиындықтарды жеңуді жеңілдету. Ойын арқылы нақты сөйлеу қарым-қатынасына мүмкіндігінше жақын жағдайларда сөйлеу үлгісін бірнеше рет қайталауға мүмкіндік жасалады.

Семинар барысында қатысушылар қолжетімді интернет-ресурстармен және пайдалануға ұсынылған әртүрлі сайттармен танысты, мұғалімдер өз жаңалықтарымен бөлісті. Лектор мен мұғалімдер арасында белсенді пікірталас өтті, оқушылардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып, ағылшын тілі сабағында ойын технологиясының әртүрлі нұсқалары талқыланды.