Ағылшын тілінде сөйлеу клубындағы онлайн кездесу

13 қазан күні сағат 17-де шетел тілдері кафедрасында шетел тілдері кафедрасының оқытушысы, п.ғ.м. А.Н. Үмітқұлованың жетекшілігімен «English speakin gclub» ауызекі ағылшын тілі клубының отырысы өтті. Zoom платформасындағы кездесудің тақырыбы «Travelling» («Саяхат») болды. Бірінші және екінші курс студенттері осы сабаққа белсенді қатысып, шет тілдерін үйренуге ынталандыратын және одан әрі серпін беретін осындай кездесулерді жалғастыруға ниет білдірді.