Ағылшын тілінде сөйлеу клубының отырысы

2022 жылдың 10 наурызында шетел тілдері кафедрасында ағылшын тілінде сөйлеу клубының отырысы өтті. «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенттері Бөденова Хадиша мен Ибраева Аружан п.ғ.м.,  оқытушы А.А. Бердалинаның жетекшілігімен «Ecology» тақырыбында пікірталас ұйымдастырды, оған 6В01704 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» және 6В02307 – «Аударма ісі» білім беру бағдарламаларының 1-3 курс студенттері белсенді қатысты.  Отырысқа қатысушылар ойын түрінде экологиялық мәселелерді талқылады.