Ағылшын тілінде сөйлеу клубының отырысы

2022 жылдың 19 қыркүйегінде шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы А.М. Сәрсенованың және ПД-19-01 академиялық тобының студенттері А. Асхат пен Д. Сәрсекеевтің жетекшілігімен «The most 50 unusual languages in the world» тақырыбында ағылшын тілінде сөйлеу клубының отырысы өтті. Студенттер әлемнің эсперанто, арчи, сибо гомеро және басқа да ерекше тілдері туралы біліп, тіл мен ойлау байланысын талқылады, сондай-ақ шет тілінде шешендік және аналитикалық тыңдау дағдыларын дамытты.