Ағылшын тіліндегі махаббат
16 ақпан күні Еуразия гуманитарлық институтында “the English speaking club”ағылшын тілінде сөйлесу клубы аясында АҚШ-тан келген Джереми Лейбпен «Ғашықтар күні» тақырыбында кездесу өтті. 1-4-курс студенттері тақырыпты талдауда белсенді қатысып, өз ойларын айтып, жағымды әсер мен көңіл-күй алды. “The English speaking club” – бұл тілді білушімен сөйлесу мен өзінің теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.