Ағылшын тіліндегі XIII Халықаралық презентация байқауы

2025 жылғы 18-19 сәуірде Самара мемлекеттік техникалық университетінде ағылшын тілінде «Inspiration is a Way to Success» атты XIII Халықаралық презентация байқауы өтті.

Конкурсқа қатысушылар 9 тақырыптық секция шеңберінде өз презентацияларын ұсына отырып, заманауи ақпараттық технологиялар мен онлайн-платформаларды пайдалана отырып, күндізгі және қашықтықтан форматта бақ сынасты.

А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенттері (2-курс, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы, ИЯ-23-01 академиялық тобы) конкурсқа қатысып, келесі нәтижелерді көрсетті: Омар Гульназ, Муканова  Дильназ «Books and films that teach us and inspire» секциясында презентация дайындап, 1-орын алды; Юсупов Алемхан «Inspiration in the classroom: inspiring teachers and students, inspiring classes and extracurricular activities, inspiring approaches and technologies» секциясында өнер көрсетіп, 3-орын алды; Даулет Айым, Муса Мерей  «History and patriotism. Historical events and politicians that inspire. Culture, values and traditions to be followed»  «For most Historical Approach» номинациясы бойынша марапатталды.