«Абай дара – қазақта»
2020 жылы 6 наурыз күні Еуразиялық гуманитарлық институтының қабырғасында «Құқықтану» мамандығының ЮР-17-01 тобында топ кураторы Гүлмира Әділбекқызының бастауымен «Абай дара – қазақта» атты кураторлық сағат өткен болатын.
Кураторлық сағаттың мақсаты: Ұлы Абай шығармаларының құдыретті күші арқылы адами қасиеттердің қалыптастырудағы рөлін көрсету еді. Себебі, Ұлы Абайдың шығармашылығы болашақ жастарымызға адамгершілік және өзге де жақсы қасиеттерді бойларына сіңіруге өз септігін тигізетіні сөзсіз. Ал қазақ жастарының қазақ қоғамында беделді орын алуы, бұл қазақ елінің әлем сахнасында айрықша орын алуының кепілі іспеттес.
Абай қазақтың адастырмыс темірқазығы екені анық. Абайды оқыту, насихаттау арқылы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған мәселелердің алғышарттары еді. Кураторлық сағатта қазақ және орыс тілдерінде баяндамалар оқылып, бейнебаяндар көрсетілген болатын.