«АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТАБИҒАТЫ»

Еуразия гуманитарлық институты мен  Нұр-Сұлтан қаласы № 68 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен «Абай өлеңдерінің табиғаты» пікір талас челенджі өтті. Студенттер Абай шығармаларының Мүрсейіт қолжазбасының ерекшеліктерін талқылады. Мектеп оқушылары ақын өлеңдерін оқыса, «Абайтану» курсының студенттері текстологиялық талдау жасады. Шара барысында Абай қолжазба мұрасын зерттеудің маңыздылығы айтылды.