«АБАЙ ӘЛЕМІ» КОНКУРСЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған студенттер мен магистранттар арасында «Абай әлемі» үздік ғылыми жұмыс байқауының қорытындысын жариялады. Байқауға қатысқан институтымыздың 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенті Қуанышев Атабай жүлделі ІІ орынды иеленіп, құрмет грамотасымен, ақшалай сыйлықпен марапатталды.  Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Лаура Ноғайбекқызы Дәуренбекова.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!