Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Құқық аумағы» онлайн-конкурсы
Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Заң пәндері кафедрасының, сондай-ақ заң пәндері кафедрасының жастар ісі жөніндегі комитеті ұйымдастырған «Құқық аумағы» атты онлайн-конкурсы өтті. Конкурс аясында балалар саудасы, балаларды құқықтық қорғау, адам құқықтары сияқты тақырыптар бойынша 8 баяндама ұсынылып, негізгі ой арқауы Абайдың шығармашылығы мен тұлғасын жас ұрпақ үшін үлгі және бағдар ретінде қарастыру болды. Қазіргі уақытта Қазақстан қоғамның барлық саласында қиын кезеңді бастан өткеріп отырғанына қарамастан, байқауға қатысушы студенттер табандылық танытып, білімдерінің өте жақсы екенін көрсетті.
Барлық баяндамалардың ғылыми жаңалығы, мақсатты бағыты және зерттелетін саланың перспективалары, жалпы алғанда, қазақстандық құқыққа қатысты болды. Баяндаманың әр тақырыбын талқылау оқытушылардың ғана емес, сонымен қатар сөйлеген студенттердің де көңілінен шықты. Студенттер атынан мұндай шараларды мүмкіндігінше жиі өткізіп тұру туралы ұсыныс айтылды, өйткені бұл болашақта жұмыс орнын таңдауда көмектеседі, сонымен қатар болашақ заңгерлердің әдебі мен моральдық жағдайы тұрғысынан заң ғылымының дамуына ықпал етеді.
Нәтижесінде мамандыққа деген адалдығын, ғылыми қызығушылығы мен құқыққа деген құрметін растайтын «Құқық аумағы» онлайн-конкурсына белсенді қатысқаны үшін дипломдар табысталды.