АБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН

Ақпан айының 25 күні Нұр-Сұлтан қаласы №30 мектеп-гимназиясы мен Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Абай және қазіргі заман» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Семинар жұмысында Абайтану пәнін оқытудағы өзекті мәселелер талқыланды.