«АБАЙДЫҢ ТОЛЫҚ АДАМ ІЛІМІ: ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС» форумы
2025 жылғы 23-24 мамырда ЕАГИ тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, п.ғ.к., профессор Я.Н. Ковалева «Абайдың толық адам туралы ілімі: ұлттық құндылықтар және заманауи көзқарас» форумына қатысты. Форум Shakarim University базасында өтті.
Форумда спикерлер ретінде: Г.С. Курманбай, Nazarbayev University профессоры, ұлттық мәдениет орталығының басшысы; Ә. Исабек, М. Әуезов ат. ОҚУ баспасөз хатшысы, абайтанушы, әуезовтанушы; К.С. Оспанов, Астана қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаменті басшысының орынбасары; А.Т. Смагулова, «Абай және ұлттық руханият» ҰО басшысы және А. Абылайханқызы, ҚР ҒЖБМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары сөз сөйледі. Форум жұмысындағы маңызды оқиға жоғары мектеп қызметкерлерін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі болды.
Сондай-ақ форум аясында оның қатысушыларына Абайдың «Жидебай-Бөрілі» Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражай-қорығына экскурсия жасауға және Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайына баруға мүмкіндік берілді.