Абайдың ғылыми дүниетанымы
2025 жылғы 14 ақпанда А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының 30 жылдығына орай институттың ғылыми кітапханасында филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Серік Негимов «Абайдың ғылыми дүниетанымы» тақырыбында дәріс оқыды. Жиынға институттың ректоры Н.Т. Ныгыманова, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Қ.Ә Ахметов, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары мен студенттері және кітапхана ұйымы қатысты. Серік Негимов қатысушылармен Абай шығармашылығының көпқырлығымен, оның адамзаттық және ғылыми құндылықтарын көрсету тұрғысынан маңызды мәліметтермен бөлісті. Аталған іс-шара жоғары деңгейде өтіп, Абайтану саласындағы жаңа зерттеулер мен ғылымның даму бағыттарына тың серпін берді.